ТАЛЛИНН: Ресейдің Мемлекеттік Думасы депутаттарының делегациясы Таллинн қаласының орталығындағы совет жауынгерінің ескерткішін көшіруге қарсы болып наразылыққа шыққан халықты полицияның аяусыз қуып таратқаны үшін Эстония үкіметін тарауға шақырды. Делегация мүшелері Таллинн полициясының басшыларымен және шеруге шыққан халық өкілдерімен кездесіп, оның ізінше өткізген баспасөз-маслихатында полицияны “хайуандық әрекетке барды” деп айыптады. Таллинндегі қақтығыстардың барысында 1 адам қаза болып, 150-ден астам адам түрлі жарақат алды. Совет жауынгерінің қола ескерткіші Таллинндегі әскери зиратқа орнатылды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
"Жерге жығып, дубинкамен сабаған"
Қаңтар құрбаны Жасұлан Анафияевты азаптап өлтірді деп айыпталған полицейлер сотталды
AzattyqTV