Accessibility links

Ирақтағы “Әл-Қаида” жетекшісі өлтірілді деген хабар тексерілуде


Ирақтағы “Әл-Қаида” жетекшісі Абу Аюб әл-Масри өлтірілді деген хабарды Ирақ ішкі істер министрлігі тексеріп жатыр. Баспасөз-хатшысы Абдул Карим Халаф соғысушылар арасында орын алған ішкі қақтығыста әл-Масридің құрбан болғандығы туралы мәлімет бар деп мәлімдеді. Ирақтағы АҚШ әскерінің баспасөз-хатшысы бұл хабарды растаған жоқ. Иорданияда туған соғысушы Абу Мусаб әл-Заркауи өткен жылы АҚШ күштері тарапынан өлтірілген соң Әл-Масри Ирақтағы “Әл-Қаида” басшылығын өз қолына алған болатын.
XS
SM
MD
LG