Түркия Конституциялық Соты елдегі саяси дағдарысқа себеп болған президент сайлауының бірінші кезеңіне байланысты мәселені қарастыруда. Исламға жақын бағыттағы Сыртқы істер министрі Абдуллаһ Гул елдің келесі президенттігіне бірден-бір үміткер деп есептеледі. Зайырлы қоғам қолдаушылары Констицуиялық соттан президент сайлауын тоқтатуды сұрады. Ал премьер-министр Реджеп Тайып Ердоган халықты бірігуге шақырды. Сот басшысы бүгін журналистерге берген сұхбатында Конституциялық Сот өз шешімін бүгін шығаруды жоспарлап отыр деп мәлімдеді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Президенттің әкесі
Тағы да жеке басқа табыну ма? Кемел Тоқаевты мадақтау неге жиілеп кетті?