Екінші экологиялық сынып стандарттарына сәйкес, көлік қозғағышы жанар-жағар майды бұрынғыдай құю арқылы емес, аздан шашырату арқылы істейді, сөйтіп жанар-жағар майды көп жақпайды, осылайша ауаға шығатын зиянды заттар құрамы азаяды. «Қазіргі жағдайда ауаға тым көп көлемде зиянды күкірт шығады», дейді Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Ысқақов. Бірақ, Қазақстанға енгізілетін кез келген көлік иесі жергілікті органдардан рұқсат алуға тиіс болады. Егерде автокөлік екінші экологиялық сынып талаптарына жауап берсмесе, онда кеден мұндай көлікті шекарадан өткізбейді. Яғни, бұрынғыдай қолданыста болған арзан көлікті енгізуге тыйым салынуы мүмкін. Қаржы министрі Наталья Коржованың айтуынша, олар кедендегі тексерістерді жобаға сай өзгертіп үлгіреді. Ал, Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов бұл жобаның келесі жылдың басына дейін жүзеге асатындығына күмән келтірді.
«Алматыда жиналыс өткізгенбіз. Сұмдық, дем алатын ауа жоқ. Шындығында, біз онда сәйкестікке келтіре алмаймыз», - деді ол.
Мәсімов өз орынбасары Аслан Мусинге жұмыс тобын құрып, қажетті адамдарды жинауды тапсырды. «Адамдар өз сөздеріне жауап беретіндей сәйкес болсын», деді ол.
Көлік және коммуникация министрі Серік Ахметов бұл жоба дайын деп отыр:
- Премьердің айтқаны дұрыс. Өйткені, жай оңай мәселе емес. Біздің техникалық регламент дайын. Ол мемлекеттік органдардың келісімінде. Біздің жоспарымызда Еуро-2 экологиялық стандарттарына 2008 жылдың 1 қаңтарында көшеміз.
Бірақ, Ахметов Еуростандарттарға көшуде қиыншылықтар да бар екенін мойындады:
- Екі себеп бар. Біріншіден, біздің мұнай өндірісіміз осындай жанар-жағар май шығара алады ма? Екіншіден, біздің техникалық сараптама жүргізі орталықтары. Шекарадан басқа мемлекеттерден кірген жаңа көліктер логистикалық орталықтан өту керек. Жаңа көліктер экологияға сәйкес бола ма?
Бұл стандартқа көшу үшін сапалы жанар-жағар май қажет болады, дейді сарапшылар. Энергетика және минералды ресурстар министрі Бақтықожа Ізмұхамбетовтың айтуынша, қазіргі мұнай зауыттарының барлығы бірдей толығымен дайын болмаса да, бір зауыт жабдықтары сапалы жанар-жағар май жасауға дайын, келесісі жабдықтарын ауыстырып жатыр. Ал, кейбір сарапшылардың айтуынша, жанар-жағар майдың сапасы жақсарғанымен оның бағасы өсіп сала береді. Астанадағы автокөлік иелеріде кіретін тұтынушылар одағының мүшесі Гүлсара Шайынғазинада осы пікірге қосылып отыр:
- Бұл ақыр соңында қарапайым көлік иелерінің қалтасын қағады. Онда да Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттары өз жабдықтарын жаңартса. Егерде бұлай болмай шықса, онда бұл жанар-жағар майды Қазақстан шетелден тасуға мәжбүр болады. Ал оның бағасы тіпті қымбат. Жанар-жағар май қымбаттаған соң қоғамдық көліктегі жолақы да өсіп сала береді.
Ал, жобаны қолдаушылар, керісінше, сапалы жанар-жағар май жүргізуші қаржысын үнемдейді деген пікірде. Өйткені, бұл жағдайда көлік жабдықтары көпке дейін тозбайды. Оның сыртында, жанар-жағар май бағасы өссе, көлік иелерінің бір бөлігі экологияға зияны аз газға көшуге мәжбүр болады. Бұл да тиімді жағы. Және жоғарыда аталған проблемаларды біртіндеп шешуге болады. Ол үшін жанар-жағар май стансаларына жер алуда және салық төлеуде жеңілдік беру керек деген пікір бар.
Алайда, Ресейде шығарылған көліктердің 80 пайызы, тіпті Еуро-0 стандарттарына сәйкес келмейді дейді Ресей сарапшылары. Оның сыртында, қолданыста болған арзан көліктер де іске жарамай қалады.
«Сонда, Қазақстандағы 2 миллион көлікті қайда жібереміз?», - дейді Ішкі істер министрі Бауыржан Мұхаметжанов.
Дегенмен, Қазақстанға жоба басталғанға дейін енгізілген көліктер қолданыстағы мерзімі бітпейінше жүре береді дейді көлік және коммуникация министрі Серік Ахметов.