Accessibility links

Джордж Буш Ирақтан әскер қайтарылсын деп талап қылған заң жобасын қайтарып тастады


АҚШ президенті Джордж Буш Ирақтан әскер қайтарылсын деп талап қылған заң жобасына вето жариялады, жобаға қол қоймай, қайтарып тастады. Джордж Буш Америка ұлтына теледидар арқылы қайырылды, әскер шығарыла басталатын мерзімді жауға хабарлаудың қисыны жоқ, әйтпесе барша террористер Ирақ үкіметін төңкеруге кіріседі деп сипаттады. Заң жобасы Ирақ пен Ауғанстандағы соғыстарға 100 миллиард доллар бөлуді қарастырады, бірақ Ирақ саясаты өзгерсін деп талап қылады. АҚШ Конгресі төменгі палатасының төрайымы Нэнси Пелози заң жобасына вето қойылғанына өкініш білдірді. Джордж Буш келісім табу мақсатында Конгрестің негізгі мүшелерімен сәрсенбі күні кездеспек.
XS
SM
MD
LG