Accessibility links

Қазақстан мен Татарстан премьер-министрлері Түркімен президентімен кездесті


Қазақстан мен Ресейдің Татарстан республикасының премьер-министрлері Түркіменстан президенті Гурбангұлы Бердымұхаммедовпен жеке келіссөздер өткізді. Татарстан премьер-министрінің айтуынша, екі жақ білім беру мен мұнай салаларындағы ынтымақтастықты дамытуға келіскен. Қазақстан үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтың мәлімдеуінше, президент Бердымұхаммедовпен кездесуде энергия, транспорт, білім беру, денсаулықты сақтау және ауыл шаруашылық салаларындағы екі-жақты қарым-қатынастар талқыланған.
XS
SM
MD
LG