Түркия парламентінің конституциялық комитеті жалпы сайлаулар шілденің 22-сі күні өтсін деген ұсыныс жасады. Парламент енді бұл ұсыныс бойынша осы аптада дауыс береді деп күтілуде. Ал премьер-министр Режеп Тайып Ердоған президент сайлауына байланысты елде қалыптасып отырған саяси дағдарысты шешу мақсатында жалпы сайлауларды мерзімінен бұрын яғни маусымның 24-інде өткізу туралы ресми ұсынысты парламентке жолдаған болатын. Премьер-министр, сондай-ақ, президентті заңшығарушылар емес халық сайлау керек деген ұсынысты парламентке жолдайтынын айтты.
Түркия парламентінің конституциялық комитеті жалпы сайлаулар шілде айында өтсін деген ұсыныс жасады
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық радиосы – 70 жыл
Бодандық немесе аннексия тарихы. Азаттықтың эфирі неге "Елім-ай" мақамымен басталған?
-
Дәулетмұрат Тәжімұратов
"Билік өз қателері үшін жауапкершілікті белсенділерге артты". Түрмедегі қарақалпақ белсендісі
AzattyqTV