Accessibility links

ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының төрағасы Ташкентте адам құқының жайын қозғамады


ТАШКЕНТ: Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Парламеннттік Ассамблеясының төрағасы Горан Леннмаркер Ташкентте Өзбекстанның сыртқы істер министрі Владимир Норовпен кездесті. Ланнмаркердің бүгін “Азаттық” Радиосына хабарлағанындай, Норовпен арадағы келіссөздің барысында өзбек парламенті мен Еуропалық ұйымның Парламенттік Ассамблеясының келешектегі ынтымақтастығы мәселесіне ерекше мән берілді. Бірақ Өзбекстандағы адам құқының ахуалы талданбады. Оның алдында Леннмаркер Қазақстан мен Қырғызстанда және Тәжікстанда болды.
XS
SM
MD
LG