Accessibility links

“Ирақ ислам мемлекетінің” басшысы шайқастың барысында оққа ұшты


БАҒДАД: Бүгін Ирақтың ішкі істер вице-министрі Хуссеин Әли Камал АҚШ пен Ирақ әскерлерінің “Ирақ ислам мемлекеті” ұйымының көсемі Әбу Умар Әл-Бағдадидің көзін жойғанын мәлімдеді. Бұл ұйым “Әл-Қаидамен” тығыз байланысы бар сүннит көтерілісшілерін қолдап келген көрінеді. Әли Камалдың айтуынша, көтерілісшілердің Умар әл-Бағдади Бағдадтың батысында өлтірілген. Көп ұзамай Ирақтың мемлекеттік телеарнасы Әл-Бағдадидің денесі деп бір мәйітті көрсетті. Ал АҚШ әскері әл-Бағдадидің өлтірілгенін растай алмады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG