Accessibility links

Ирақ үкіметі әлем елдерінен өзінің 50 млрд. долларға жуық қарызын “кешіруді” өтінді


ШАРИ ӘШ-ШАЙХ: АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы К.Райс халықаралық қоғамды Ирақтағы саяси ахуалды тұрақтандыруға бағытталған 5 жылдық жоспарды “үзіліссіз де белсенді түрде” қолдауға шақырады. Ирақтағы саяси ахуалды тұрақтандыру проблемасы бойынша бүгін Мысырдың Қызыл теңіздегі Шарм Әш-Шайх курортында басталған 2 күндік халықаралық конференцияның ашылуында Райс ханым осындай үндеу көтерді. Оның алдында Ирақ премьері Н.Әл-Мәлики әлем елдерін Ирақтың 50 млрд. долларға жуық қарызын “кешіруге” шақырып сөз сөйлеген болатын.
XS
SM
MD
LG