Армения астанасы Ереванда парламенттік сайлаулар қарсаңында мыңдаған оппозиция қолдаушылары шеруге шықты. Наразылық танытушылар алдағы сайлаулардың бұрмалануына қарсы ескертулер жасады және президент Роберт Кочарянға импичмент жариялауға шақырды. Полицияның хабарлауынша, шеруге 5 мыңға жуық адам қатысқан, ал ұйымдастырушылар наразылық шарасына 13 мың адам жиналды дейді. Армениядағы парламенттік сайлаулар мамырдың 12-сі күні өтеді деп жоспарланған.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
"Жаңа Қазақстан" мәжілісі
"Бәз баяғы спикер, бұрынғыдан айырмашылығы аз парламент"
AzattyqTV