Тель-Авивте ондаған мың адам шеруге шығып, Израиль премьер-министрі Ехуд Олмерттің қызметінен кетуін талап етті. Израиль үкіметі өткен жылы орын алған Ливан соғысының сәтсіздікке ұшырауына байланысты жауапкершілікті премьер-министрдің мойнына асқан болатын. Осыдан кейін премьер-министрді отставкаға кетуге шақырған мәлімдемелер жасалды. Бұл шақыруларды тек оппозиция ғана емес, сондай-ақ, Олмерттің партиясындағы ресми тұлғалар да айтты, олардың арасында ішкі істер министрі де бар.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Баспасөз шолуы
"Шыңжаңдағы жауыздық" һәм 17 жыл дегенде еліне қайтқан қазақ
AzattyqTV