Accessibility links

Эстония елшілігі жанындағы пикет тоқтады


Мәскеудегі Эстония елшілігі жанындағы наразылық танытушылар бір аптаға созылған пикетті тоқтататындарын айтты. Ал оның алдында Эстония елшісі демалысқа шықты деп хабарланған болатын. Елшілік жанындағы адамдар Таллиндегі Совет әскері ескерткішінің басқа жерге көшірілуіне байланысты наразылықтарын білдірді. Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Эстонияның ескерткішті көшіруі екі елдің қарым-қатынасына “айтарлықтай теріс әсер” еткенін мәлімдеді. Ал НАТО мен Еуроодақ және Америка Құрама Штаттары Эстонияны қолдайтындарын мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG