Accessibility links

Пара болуы мүмкін деп күдіктелген қаржы енді жарлы-жақыбайларға беріледі


Әлемдік банк Қазақстан мен АҚШ-ың және Швейцарияның үкіметтеріне есеп-шотта жабулы жатқан 84 миллион доллар қаржыны Қазақстандағы тұрмысы төмен отбасылары мен олардың балаларына беру үшін тәуелсіз қор құруға көмектесетіндігін хабарлады. Ол қор "Бота" деп аталмақ. Бұл жобада Әлемдік банктің қандай роль атқаратындығы Нью-Йорк сотында тіркелген келісімде сипатталған, онда аталған үш елдің үкіметтері 84 миллион доллар қаржыны кедей отбасыларының ахуалын көтеруге жұмсау тетіктерін белгілеген. Бұдан бірнеше жыл бұрын АҚШ азаматы мұнай саласында Қазқстанның жоғары дәрежелі шенеуніктеріне пара ретінде берген болуы мүмкін деген жанжал шыққанда, демек атышулы "Қазақгейт" ісі басталғанда, бұл 84 миллион соманы Швейцария үкіметі алынбайтын етіп, есеп-шотты жауып тастаған болатын.
XS
SM
MD
LG