Accessibility links

БҰҰ адам хұқтары жөніндегі жоғарғы комиссарының Түркіменстанға сапары “сәтті” болды


БҰҰ-ның адам хұқтары жөніндегі жоғарғы комиссары өзінің Түркіменстанға жасаған сапарын “өте жемісті” болды деп сипаттады. Луиз Арбур бұл мәлімдесін Ашхабадта Түркіменстан президенті Гурбангұлы Бардымұхаммедовпен кездесуінен кейін жасады. Арбурдың мәлімдеуінше, екі жақ бірқатар мәселелерді талқылаған, сондай-ақ, Түркіменстанның БҰҰ-ның адам хұқтары жүйесімен ынтымақтысуға талпынысы жөнінде сөйлескен. Түркіменстанға сапары алдында Луиз Арбур Қырғызстан мен Тәжікстан және Қазақстан елдеріне барған болатын.
XS
SM
MD
LG