«Қырғызстанның лайықты болашағы үшін біріккен майдан» деп аталатын оппозициялық блок мемлекет басшылығын орындарынан кетуге, жаңадан коалициялық үкімет құруға шақырып отыр. Оппозиция тобы оппозиция белсенділерін қудалауды тоқтатуды, сондай-ақ өткен айда Нарында түрме камерасында қаза болған Біріккен майдан мүшесінің өліміне жан-жақты тексеріс жүргізуді талап етуде.