Әл-Қаида басшылығындағы екінші адам АҚШ Конгресінің Ирақтан әскерді шығаруға шақырған заң жобасы Вашингтонның жеңілгенін дәлелдейді деп мәлімдеді. Бұл туралы Айман әл-Зауахири жаңадан шыққан бейнетаспада айтқан. Ақ Үй өкілі бейнетаспаға қатысты мәлімдеме жасаудан бас тартты. Ал осыдан 4 күн бұрын АҚШ президенті Джордж Буш қазан айынан бастап Ирақтан әскерді шығаруды бастау керек деген заң жобасына вето қойған болатын.