Себебі жаңадан сайланған Франция президенті Николас Саркозидің кабинет жасақтап, содан кейін ғана Талибанның талабын қарауына дейін біраз уақыт керек, дейді Талибан өкілі. Бұл тұтқындарды босату үшін Талибанның қойып отырған талабы- Ауғанстаннан Франция әскер күштерін шығару. Талибан осымен үшінші рет әлгі қайырымдылық қор қызметкерлерін тұтқыннан босатуды кейінге қалдыруда.