Халықаралық Хельсинки федерациясы Еуропа Одағын Өзбекстандағы адам хұқтарының тапталып жатқандығына байланысты мықты позиция ұстануға шақырды. Венада орналасқан бұл ұйымның мәлімдемесіне қарағанда, Еуроодақтың адам хұқтары мәселесі жөніндегі Өзбекстанмен жоспарланған диалогы “Еуроодақ санкцияларының жуып-шайылуына сылтау” болмауы тиіс.