Тергеу панелі Дүниежүзілік Банктің президенті Пол Вульфовиц өзіне жақын болған қызметкерлерінің біріне айлықты көбейтіп, жұмысы бойынша оны алға жылжытқаны үшін банк ережелерін бұзды деп тапты. Бұл қорытындылар ресми түрде әлі жарияланған жоқ бірақ ол жөнінде Вульфовиц алдын-ала ескертілді. Вульфовицке қатысты шешім шығарылардың алдында ол сәрсенбі күні 24 мүшеден тұатын басқарма кеңесімен жүздеседі. Осы даулы мәселеге байланысты Вульфовиц қызметінен кету керек деген шақырулар айтылды. Ал Вулфовицтің өзі менің ешқандай кінәм жоқ дейді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Классикалық үлгідегі саяси партия қалыптаспады". Дос Көшімнің қос сұхбаты