Accessibility links

Жеңіс күні Ресейдің барлық қаласында тойланады


МӘСКЕУ: Бүгін – 9-ыншы мамыр күні – Ресей мен ТМД-ның бірқатары мемлекеті, оның ішінде Қазақстан - Жеңіс күнін тойлайды. Мәскеуде жеңістің 62-жылдығы құрметіне әскери шеру өтеді. Ресейдің астанасы мен басқа да елді-мекендерінде мерекелік шерулер мен концерттер ұйымдастырылып, соғыс ардагерлерін жаппай қошеметтеу шаралары өтуге тиіс. Жеңіс күні мерекесі – аспанға от шашу салтанатымен аяқталады. Жеңіс күні қарсаңында Ресейдің құқық сақшылары қауіпсіздік шараларын күшейтті.
XS
SM
MD
LG