Accessibility links

Өзбек билігі тәуелсіз журналист әйелді босатуға мәжбүр болды


ТАШКЕНТ: Кеше Өзбекстанда тәуелсіз журналист әйел Үмидә Ниязова қамаудан босатылды. Сейсенбі күні Аппеляциялық сот оны бас бостандығынан айыру жөніндегі өкімді шартты түрдегі жазаға тарту шешіміне өзгертті. 1-інші мамыр күні Ташкент соты Ү.Ниязоваға “шекарадан заңсыз өтті”, “контрабандамен айналысты” және “жаппай тәртіп бұзуға шақырды” деген айыптар бойынша 7 жыл түрмеге жабу жазасын шығарған болатын. АҚШ, Еуропа Одағы, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, сондай-ақ адамның құқын қорғайтын ұйымдар журналист әйелді қудалаған өзбек үкіметін өткір сынға алды.
XS
SM
MD
LG