Accessibility links

Ирақтағы қантөгіс АҚШ-тың вице-президентінің сапары кезінде де толастамады


БАҒДАД: Кеше АҚШ-тың вице-президенті Дик Чейни Бағдадта Ирақ премьер-министрі Нұри Әл-Мәликимен келіссөз өткізді. Оның барысында Ирақтағы қауіпсіздікті нығайтудың жолдары мен діни негіздегі қантөгісті тоқтатудың амалдары талқыланды. Чейнидің сапары кезінде Бағдадтың үкімет мекемелері орналасқан “Жасыл аймақ” ауданы минаатқыштардан атқыланды. Бірақ ешкім жапа шеккен жоқ. Кеше Ирақтың солтүстігіндегі Арбиль қаласында бомба орнатылған автокөлік жарылып, кем дегенде 14 адам қаза тапты, 87 кісі жараланды. Жергілікті ішкі істер басқармасының кеңсесі қирады.
XS
SM
MD
LG