Accessibility links

Өзбекстанда саяси астарлы айыптармен түрмеде әлі кемінде 14 адам отыр


ТАШКЕНТ: Адамның құқын қорғайтын халықаралық ұйымдар түрмеден босатылған тәуелсіз өзбек журналисі әрі адамның құқын қорғайтын белсенді Үмидә Ниязоваға көмек беруге дайын. Ташкент сотының 1-інші мамыр күнгі шешімімен 7 жылға түрмеге кесілген Ү.Ниязова – сейсенбі күні Аппеляциялық соттың қаулысымен шартты түрде 3 жылға кесіліп, еркіндікке шығарылды. Халықаралық “Фридом Хаус” ұйымының мәлімдеуінше, Үмидә өзінің атқарған жұмысы үшін ғана жазаға тартылып отыр. Аталған ұйымның мәліметі бойынша, Өзбекстанда адамның құқын қорғайтын тағы кемінде 14 адам “саяси астарлы” айыптар бойынша әлі түрмеде отыр.
XS
SM
MD
LG