ЛОНДОН: Ұлыбританияның премьер-министрі Тони Блэр жаңа үкімет басына жол беру үшін билік басындағы “Лейбористік партияның” басшылығынан қашан кететінін бүгін жариялауға тиіс. 1-інші мамыр күні Т.Блэр бірінші рет премьер-министр болып сайлануының 10 жылдығын атап өтті. Оның партия басшылығынан кететін күнін жариялауынан кейін “Лейбористік партия” ішінде оның лидері әрі премьер-министр болуы үшін шамамен 7 аптаға созылатын жаңа күрес-тартыс басталады. Т.Блэрдің үкіметінде қаржы министрі болып отырған Гордон Браунның жаңа Бас министр болатын сыңайы бар.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Түркістан облысы
"Оқушы қызды жәбірлеген". Зағамбар ауылында не болды?
-
Шығыс Қазақстан облысы
Кеніш үстіндегі Зайсан ауданының ауылдары неге газбен қамтылмай қалды?