Британия бас министрі Тонни Блейер бас министр қызметінен және Еңбек партиясының төрағалығынан 27 маусымда кетемін деп жариялады. Билік басында он жылдан аса отырған Тонни Блейер шешімін Сидгефильд қаласында жариялады. Билік басындағы Еңбек партиясының төрағалығына сайлану бәсекелестігіне енді жол ашылды. Билік басындағы партия төрағасы бірден Британия бас министрлігіне келеді. Тонни Блейердің орнын қыржы министрі Гордон Браун басуы мүмкін делінеді.