Accessibility links

Ресей өз территориясы арқылы өтетін құбырдың арқасында Қазақстан, Түркменстан елдерінің энергетикалық ресурстарын алмақ


Ресей Қазақстанмен отын-энергетикалық кешен төңірегінде бірнеше келісім жасады. Бұл туралы Астанада мамырдың 10 күні Ресей президенті Владимир Путинмен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуінде хабарланды. Кейбір сарапшылар бұл өзге жобалардың барлығын ресурссыз қалдырады деген жорамал жасады. Бірақ, Қазақстан энергетиктері Ресеймен жасалатын жоба Қазақстанғада тиімді деп отыр.

Ресми мәлімет бойынша осы келіссөздерден кейін Ресей президенті Путинмен Қазақстан президенті Назарбаев Түркменстанға аттанады деп хабарланды. Ал Ресей БАҚ-тарының хабарлауынша Ресей президенті Путиннің Түркменстандағы сапарындағы мақсаты Назарбаев және Түркменстан президенті Гурбангулы Бердымухаммедовпен бірге «Каспийжанындағы» газқұбырын салуға байланысты келісімге қол қою. Бұл құбыр Еуропа елдеріне тасымалданатын отынды қадағалауға мүмкіншілік береді, дейді сарапшылар. Ресей өз территориясы арқылы өтетін құбырдың арқасында Қазақстан, Түркменстан елдерінің энергетикалық ресурстарын алады. Ал бұл өзге жобалардың барлығын ресурссыз қалдырады деген жорамал жасалған. Жалпы, бұл тақырыптың көп сөз тудырғанын Ресей президенті Путинда мойындады. «Әлбетте, бұл саладғы келіссөздер көп назар аударады. «Газпроммен» қазақстандық құрылымдар біріккен жұмыс жөнінде келісімге келді», деді Ресей президенті Владимир Путин.

Кейбір сарапшылардың пікірінше бұл келісім Қазақстан, Түркменстан және Ресей үшін маңызды. Түркменстанға Ресейден келетін инвестиция қажет және газды сатып пайда табады. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша энергетика саласында Орынбордың газөңдеу зауыты негізінде біріккен кәсіпорын ашылатын болды. «Онда Қарашығанақ кен орнының газы өңделеді», деді Назарбаев.

Қазақстанның энергетика және минералды ресурстар министрі Бақтықожа Ізмұханбетовтың айтуынша газ саласында екі мәселе бар:

- Бірінші мәселе, «Қарашығанақ» газының сатылуы жөнінде Ресеймен бірлесіп бұдан бұрын біз 345 долларға келіскен болатынбыз мың текше метр газдың бағасын. Қазір осы кездесулерде біз жаңа келісімге қол жеткізіп отырмыз. Екінші мәселе, «Орталық Азия центр» газ құбыры жөнінде, бұл құбырдың техникалық тасымалдау мүмкіншілігі күні бүгін 60 миллиард текше метр болған. Осыған байланысты Түркменнің және Өзбекстанның қосымша газдарын тасымалдау жөнінде мәселе көтерілетін болады.

Ізмұханбетовтың айтуынша құбыр Қазақстан арқылы өтеді, демек транзиттан табыс тауып өз газын сатады, дейді ол:

- Қазақстаннан біріншіден «Орталық Азия центр» газ құбырының бірнеше шақырымы біздің территтория арқылы өтуіне байланысты тариф арқылы бізге ақша төленеді. Екінші мәселе, біз өзіміздің қазіргі бар және болашақта болатын газды тасымалдайтын боламыз. Үшінші тиімділігі, «Қарашығанақ» жобасы бойынша өткен жылы келісім бойынша Ресей, Өзбекстан және Қазақстан 3 жақты келісім шартқа байланысты біз Оңтүстік облыстардың газбен қамтамасыз етілуін толықтай шешкенбіз. Ал, күні бүгін біз Қазақстанның сыртына сататын газымыздың бағасы жөнінде Ресеймен тағыда бағаны көтеру жөнінде мәмілеге келіп отырмыз.

Айта кететін жайт, қазір АҚШ пен Батыс елдері құбырды Әзірбайжан мен Грузия арқылы Еуропаға тартатын «Транскаспий» газқұбырын өткізбек, дейді сарапшылар. Ал, Қазақстандағы келіссөздер тек газбен шектелмеді. Ресми мәлімет бойынша Қазақстан болашақ «Бургас - Александрополис» мұнай құбырының жобасына қосылатын болды. Президент Назарбаев «КТК» мұнайқұбырының өткізу мүмкіншілігін 17 миллион тоннаға арттыруды сұрады. Және уранды байыту жөніндегі халықаралық орталық ашу жөнінде келісім жасалды. Ресей президентінің Қазақстанға сапары барысында президент Назарбаев Қазақстан мұнайының барлығы болмасада көбі Ресей территориясы арқылы өтуін қалайтындығын жеткізді. Осыған орай, қазақстандық саясаткерлердің бірі Әміржан Қосанов «Азаттық» радиосымен өз ойымен бөліскен еді:

- Ресеймен қарым-қатынас тек қана сол мұнай-газ саласынан асып бара жатқан жоқ. Біздің шекара маңында олардың мұнай өңдейтін зауыттары тұр. Әрине, олар мүдделі бізден арзан мұнай алып, Қазақстанға соның ақшасын бере салуға.
XS
SM
MD
LG