Accessibility links

“Әндіжан қырғынын” өз көзімен көрген өзбек әйелі сот үкімімен 12 жылға түрмеге кесілді


ТАШКЕНТ: Өзбекстан соты 2005-інші жылдың мамырында болған “Әндіжан қантөгісінің” куәгеріне қарсы шығарылған жазаның мерзімін 2 есе ұлғайтты. Әндіжан тұрғындарының бейбіт шеруіне қауіпсіздік күштерінің оқ жаудырғанын өз көзімен көрген адамның құқын қорғаушы әрі дәрігер Гүлбахор Тұраева – сәуір айында 6 жылдық мерзімге түрмеге кесілген болатын. Ол кезде сот оны “мемлекетке қарсы әрекет етті” және “жалған сөйледі” деп таныды. Ал 7-нші мамыр күні қосымша сот отырысы Г.Тұраеваны – 12 жылға кесті. Ол жайында “Хьюман райтс уотч” ұйымы хабарлайды.
XS
SM
MD
LG