БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің мүшелері Косовоға бақылаулы түрдегі тәуелсіздік беру жөніндегі қарар жобасын қабылдап алды. Жоба мәтінінде Сербия провинциясы айрықша жағдай тұрғысында қаралып, оған Европа одағының басқаруындағы тәуелсіздік беріледі деп жазылған. Қауіпсіздік кеңесінің вето хұқы бар мүшесі Ресей бұл жоспарға наразылық танытып, Косовоның мәртебесі туралы мәселені шешуде уақыт шектеуі болмауы тиіс деп атап көрсеткен. АҚШ пен оның Европа одағындағы одақтастары Косовоның мәртебесі туралы жоспарға қолдау білдіруде.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
"Тақ мұрагерлерінің" құпия өмірі
"Олар әкесін жақсы көреді". Путиннің ұлдары жайлы не белгілі?