НАТО бастаған коалиция күштері мен ауған әскерлерінің бұл аймақтағы аптаға созылған шабуылдары барысында 70-ке тарта тәліп бүлікшісінің көзі жойылған. Барлау департаментінің мәлімдеуінше, Хелманд провинциясының Нари Сарж ауданы үкіметтік күштер бақылауына өткен. Бірақ, НАТО бастаған халықаралық бітімгершілік күштер тарапынан бұл мәлімдеме бірден расталмаған. Нари Сарж ауданы Сангин ауданынан 25 шақырымдай жерде жатыр, ауған ресмилері онда аптаның басында АҚШ әуе күштерінің шабуылынан 30-дан астам бейбіт тұрғын мерт болды деген болатын.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Тіл және жазу мәселесі
Түркі елдері ортақ латын әліпбиін енгізбек, бірақ оған Қырғызстан әлі дайын емес. Неге?
-
Азаттық зерттеуі | 4-бөлім
Дубайдағы Қазақстан: әкімдер