Пәкістанның Карачи қаласында президент Первез Мүшарраф үкіметінің жақтастары мен қарсыластары қақтығысқан шайқас болды. Наурыз айында президент Мүшарраф елдің Бас прокуроры Ифтикар Чаудриді қызмет құзырын асыра пайдаланды деп орнынан алып, отставкаға жіберген болатын. Оның соңы саяси дағдарысқа ұласты. Карачиде бұрынғы бас прокурордың қолдаушылары митинг өткізуге жиналғанда қарсыластар оларға кедергі жасамақшы болған. Президент Первез Мүшарраф елді тыныштыққа шақырып, төтенше жағдай енгізуден бас тартты.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
Шәкерім, тарих және Жаңаөзен. Мұхтар Мағауин мұрасына тарихшы көзқарасы