Бұл орайда сөз алған Адам құқығы жөніндегі Хартия атты қоғамдық қордың директоры Жеміс Тұрмағамбетова Қазақстанның қылмыстық-атқару жүйесінде жүрылып жатқан реформаларға қарамастан биылғы жылы сәуір айында Алматы облысының Заречный елді мекенінде орналасқан ЛА155/8 түзеу мекемесі мен Арқалық қаласындағы №1 ші түрмеде орын алған жағдайлар яғни сотталған азаматтардың өз өздеріне қол жұмсап, қарындарын пышақпен тіліп жіберулері бұл олардың түрмедегі ауыр жағдайға деген ашу ызалары мен қарсылықтарының белгісі болды дейді.
Түзеу мекемелері мен түрме басшылықтары тарапынан сотталған азаматтардың құқықтарын бұзу оқиғалары, оларды ұрып соғу, намыстарына тиерлік жағдайлар көбеймесе азаймай отыр дейді құқық қорғаушы Ж.Тұрмағамбетова. Оның айтуынша соңғы жылдары қылмыстық –атқарушы жүйеде басшылықтың жиі жиі ауысуы, жаңа басшылардың өз адамдарын алып келуі, бұрыннан келе жатқан тәжірибелі түрме қызметкерлерін себепсіз жұмыстан шығарып жіберуі, бұл түрме жағдайын одан әрі қиындатпаса, оңайлатпай отыр.
Заречный елді мекенінде орналасқан ЛА155/8 түзету мекемесіндегі сотталған азаматтарды қәзір Қазақстанның түкпір, түкпіріндегі түрмелерге ауыстырып жатуының өзі заң бұзушылық болып табылады дейді Ж.Тұрмағамбетова.
Лондон Университеті жанындағы түрме жағдайын зерттеу жөніндегі халықаралық орталықтың мәліметтеріне қарағанда Қазақстан 2006-шы жылдың жағдайымен әр 100 мың адамға 348 сотталған азамат шақ келетін көрсеткішпен әлемде 24-ші орында. Бұл қазақстанда қылмыстық-атқарушы жүйенің ілгері қарай емес керісінше кетіп бара жатқандығын білдірмекші дейді ‘Түрме реформасы‘ атты халықаралық ұйымның Орталық Азиядағы өкілдігінің директоры Гүлнара Қалиакбарова.
Оның айтуынша таяуда ғана Қазақстанда қабылданған қылмыстық атқарушы жүйе бойынша Қазақстан республикасының кейбір заңдық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы‘ заңы халықаралық талаптар мен міндеттерге сәйкес келмейді. Заң жобасының жасалуы барысында қоғамдық талқылаулар мен халықаралық ұйымдардың ұсыныстары ескерілмеді дейді ол. Ал Қазақстандағы адам құқығы мен заңдылқтарды сақтау жөніндегі халықаралық бюроның заңгері Лейла Рамазанова түрме жағдайы мен ондағы сотталған азаматтардың құқықтары бұзылған оқиғаларға байланысты жыл басынан бері осы бюроға 200 ден астам арыз өтініштің келіп түскенін айтады.