Accessibility links

Ауғанстандағы НАТО әскерінің соғыс техникасы минадан қатты қирады


КАБУЛ: Ауғанстандағы НАТО әскерінің керуені батыстағы Герат қаласының маңындағы көпірден өте бергенде минаға тап болды. НАТО күштерінің Кабулдағы өкілі әскер қатарында адам шығыны болғанын хабарлады. Куәгерлердің хабарлауынша, минаның жарылысынан соғыс техникасының бірі қатты күйреген. Бұл қастандықты ешкім жауапкершілігіне алған жоқ. Бірақ ауған армиясы мен НАТО әскеріне қарсы жол миналарын тәліптер қолданып келеді.
XS
SM
MD
LG