БРЮССЕЛЬ: Еуроодақ пен Иран арасындағы келіссөздің жаңа сатысы осы мамыр айының соңында өтуі мүмкін. Ол жайында Еуроодақ сыртқы істер министрлерінің Брюссельдегі мәжілісінің үзілісінде Еуроодақ басшылығының мүшесі Хавьер Солана хабарлады. 24-інші наурыз күні БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесі уран шикізатын байыту жұмыстарын тоқтатудан бас тартқан Иранға қарсы жазасын қатаңдату туралы Қарар қабылдаған болатын. Мамыр айының соңында сол жазаны ұзарту мүмкіндігі қаралады.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық радиосы – 70 жыл
Желтоқсан-1986. Совет билігі қанға бөктірген бейбіт шеру
-
Журналист пен заңгердің күресі
Өзін-өзі ұсынған екі үміткер сайлаушылар дауысына қалай таласты?
AzattyqTV