Accessibility links

Ирақтың күрдтері Киркук қаласын өз автономиясына қосып алғысы келеді


БАҒДАД: Ирақ парламентінің комитеті конституцияға бірқатар өзгеріс енгізу мәселесі бойынша уәжге келе алмады. Комитет өзгерістер туралы ұсынысын парламенттің жалпы отырысына бүгін беруге тиіс болатын. Бірақ комитет мүшелері парламенттен өздеріне тағы 1 апта уақыт беруін сұрамақшы. Ирақ саясаткерлерінің мәлімдеуінше, Киркук қаласының құқықтық мәртебесі мәселе талас-тартыс туғызып отыр. Күрд саясаткерлері мұнайға бай Киркук қаласын - өздерінің солтүстіктегі жартылай автономиялы өлкесіне қосып алуды көздейді. Арабтар мен түркімендер оған қарсы.
XS
SM
MD
LG