КАБУЛ-ИСЛАМАБАД: Ауған-пәкістан шекарасында түрлі мәлімет бойынша кемінде 1 АҚШ жауынгері және 1 пәкістан сарбазы қаза болып, 2 жақтан кемінде тағы 2 жауынгер жарақат алды. Бірақ олардың саны арта түсуі де мүмкін. Пәкістан жағы бұл оқиғаға экстремистер айыпты десе, ауған жағының мәлімдеуінше, 2 АҚШ жауынгерін Пәкістан офицері атып өлтірді. АҚШ армиясы оны тергеу үстінде. Бұл оқиға - Ауғанстан мен Пәкістан күштерінің 13-інші мамыр күні шекарадағы қақтығысынан кейін АҚШ әскерилерінің дәнекер болуымен екі жақты келіссөзі кезінде болды. Осы жанжал кезінде талай кісі қаза болды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық радиосы – 70 жыл
Мұстафа Шоқайдың өз үні. Азаттық радиосы елге жеткізген бір мұра
-
"Жаншипа" подкасы
Ашаршылық, соғыс, кәмпескелеу қазақ психикасына қалай әсер етті?
AzattyqTV