Accessibility links

Дүниежүзілік банктің президенті П.Вулфовиц өте қолайсыз жағдайға тап болды


ВАШИНГТОН: Дүниежүзілік банктің президенті Пол Вулфовиц келісім-шартты бұзды деп танылды. “Өзінің көңілдес әйелін қызмет бабымен жоғарылату және оның айлық жалақысын көтеру арқылы П.Вулфовиц банкпен арадағы келісім-шартты бұзды” деген қорытындыға келген этика бойынша арнайы комиссияның есебінде осылай делінеді. Аталған комиссия осындай жанжалдан кейін П.Вулфовицтің Дүниежүзілік банк басшысы болып қала беруіне күмән келтірді. Бірақ АҚШ-тың қаржы министрлігінің өкілі Генри Полсон оны қызметінен аластату үшін әлгі комиссия қорытындысы жеткіліксіз деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG