Еурокеңестің парламенттік ассамблеясы Қазақстанда 2003 жылы өлім жазасына мараторий жариялағандығын қуана қарсы алды. Және Қазақстанның азаматтық саяси құқық келісімін, сонымен қатар экономикалық әлеуметтік мәдени құқық жөніндегі халықаралық келісімді бекіткендігіне риза болды. Бірақ, ассамблея мүшелері Қазақстандағы демократиялық үдерістерге тежеу болып отырған жайттардан хабардар екендігін жеткізді. Олардың ішінде саяси партиялардың тіркелуіндегі қиыншылықтар, оппозиция өкілдеріне жасалатын қылмыстық қудалау, бұқаралық ақпарат құралдарын жасалатын әкімшілік қысым айтылады. 2005 жылы күзде Белгілі оппозиция өкілі Заманбек Нұрқаділовтың және 2006 жылы қыста Алтынбек Сәрсенбаевтың жұмбақ жағдайда өлтірілуіне алаңдаушылық білдірілген. Еурокеңестің парламенттік ассамблеясы Қазақстан билігімен оппозиция арасында осы уақытқа дейін шынайы саяси диалог жоқ, ал бұл тұрақты саяси жүйе құрылысындағы қажет нәрсе деген болатын. Және Еурокеңес стандарттарына сәйкес заңдарға өзгеріс енгізу ұсынылған. Ол заңдар мыналар: сайлау өткізу, БАҚ еркіндігі, митинг өткізу, сот тәуелсіздігі, жергілікті өзін өзі басқару, өлім жазасынан мүлдем бас тарту және оппозициямен саяси диалогқа түсу. «Азаттық» радиосының Қазақстанға еркіндіктер саласында ұсыныстарыңыз бар ма деген сұрағына Венециялық комиссия бас хатшысы Джованни Букиккио былайша жауап берді: «Бұл сөз бостандығы, партияларда еркін бірігу және бейбіт жиын еркіндігі, өзгелерге кедергі келтірмесе адамдарды қаланың сыртына шығаруға болмайды», дейді хатшы.
Бұған дейін Қазақстанмен Венециялық комиссия қатынасы белсенді болмаған. Ал, 2007 жылдан бері бұл ынтымақсаттық артып келеді деп хабарланды. Венециялық комиссия бас хатшысы Джованни Букиккионың айтуынша Қазақстан көп векторлы саясатта Еуропағада көңіл бөліп онымен көбірек ынтымаққа түспек. Бұл жолы Қазақстандағы Еурокомиссия Венециялық комиссияны тәжирибе бөлісу мақсатымен шақырды, дейді хатшы. Қазақстандағы сапарында Букиккио мемлекеттік хатшы Оралбай Әбдікәрімовпен, омбудсменнің аппарат жетекшісімен кездесті. Бірақ, конституцияға өзгеріс енгізіліп парламенттің бірлескен отырысында президент сөз сөйлетіндігін біз сапарға шығып кеткен кезде естідік, дейді Букиккио. Венециялық комиссия бас хатшысының айтуынша реформалардың ашық өткізілуі дұрыс. «Бізге бұл түзетулер жөнінде ешқандай ұсыныс түспеді. Бірақ, ресми тұлғалармен кездесуде осы түзетулерден кейін билік кезекті реформаларға байланысты комиссияға сұрау жолдайтындығын жеткізді», дейді хатшы. Венециялық комиссиясы басқа елге тек сол елдің сұрауымен араласады. «Қазақстан демократияға өзі ұмтылып отыр, бірақ ол үшін нақты шаралар болуы керек» деді ол. Венециялық комиссия бас хатшысы Джованни Букиккионың айтуынша Қазақстан оппозициясымен жасалған жаңа конституция жобасын қарап беріңдерші деген сұраныс түскен. «Бірақ, біз оны қарай алмадық», дейді ол. «Комиссия жарғысы бойынша біз тек ресми мемлекеттік институттан келетін сұрау бойынша жобаларды қарай аламыз», дейді хатшы.
Әзірге Венециялық комиссия атынан бірінші кезекте Қазақстанның құқыққорғау ұйымдарына елдегі заңдарды халықаралық стандарттарға жақындату жөнінде сарапшылардың көмегі ұсынылады деп хабарланды. Және омбудсменге халықаралық тәжірибе жинау үшін халықаралық семинарларға қатысуға мүмкіншілік береміз деген уәде айтылды. Ресми мәлімет бойынша Еурокеңестің парламенттік ассамблеясы Қазақстанның конституциялық реформаларында демократия бағытында адам құқығының сақталуына сенім білдіреді деп хабарланды. Осыған орай ассамблея Қазақстанға кезекті рет Венециялық комиссия мүшесі болуды ұсынды. Өйткені комиссияға мүше болу үшін конституцияның толығымен Еуростандарттарға жауап беруі шарт емес. Бірақ, Қазақстан әзірге комиссия мүшесі болуға ниет білдірмеді деп хабарланады. Венециялық комиссия бас хатшысы Джованни Букиккионың айтуынша комиссия Еурокеңестің конституциялық құқық жөніндегі тәуелсіз кеңестік органы болып табылады. Комиссия 1990 жылы Берлин қабырғасы құлағансоң құрылған. Мақсат бұрыңғы социалистік мемлекеттерге демократия құруға септігін тигізу. Бастапқыда онда 23 ел болса, қазір 50 ел мүше. «Белларусияны есптемегенде біз комиссияға бұрыңғы Кеңес одағындағы барлық дерлік республиаларды енгіздік», дейді хатшы. Қазақстан 98 жылдан бері бақылаушы мәртебесінде.