Accessibility links

Ауғанстанда 60 тәліп өлтіріліді деп хабарланды


Ауғанстан полициясының хабарлауынша, НАТО жетекшілігіндегі күштер әуеден соққы беріп, 60 талибан соғысушысын өлтірген. Бұл оқиға Ауғанстанның оңтүстігіндегі Қандағар өлкесінде орын алған. Полиция басшысы Есматулла Ализайдың мәлімдеуінше, бүгінгі шабуылдар осы өлкедегі үш ауылға бағытталған. НАТО-ның халықаралық қауіпсіздік күштері өздерінде бұл шабуыл туралы әзірше мәлімет жоқ екенін айтты.
XS
SM
MD
LG