Accessibility links

Ресми Ташкент Еуроодақтың соңғы шешіміне наразылығын білдірді


ТАШКЕНТ: Кеше Өзбекстанның сыртқы істер министрлігі Еуроодақтың өзбек еліне қарсы қолданған жазасын тағы жарты жылға ұзартуын екі жақтың мүддесіне “қайшы келетін” шешім деп бағалады. Одан бір күн бұрын – дүйсенбіде – Еуропа Одағы виза берілмейтін Өзбекстанның 12 өкілінің тізімін 8 адамға дейін қысқартты. Ресми Брюссель Өзбекстанның 12 ресми өкіліне виза бермеу және Өзбекстанның қару-жарақ импортына бөгет қою туралы шешімін “Әндіжан қырғынына” байланысты осыдан 2 жыл бұрын қабылдаған болатын.
XS
SM
MD
LG