АСТАНА: Бүгін Қазақстан парламентінің қос палатасының бірлескен отырысында республика президенті Н.Назарбаев мемлекет басшысының билікте отыратын мерзімін қазіргі 7 жылдан 5 жылға дейін қысқартуды ұсынды. Бірақ, Н.Назарбаев атап көрсеткендей, мұндай норма 2012-нші жылдан кейін енгізіледі. Н.Назарбаев парламент палаталарының бірлескен отырысына конституцияға бірқатар өзгеріс енгізу жобасын ұсынды. Оған сәйкес, президенттің бірқатар құзыры парламентке беріліп, депутаттардың санын 116-дан 154-ге дейін ұлғайту және парламентті тек партия тізімдері бойынша сайлау қарастырылады.