Accessibility links

Палестинадағы ФАТХ пен “Хамас” тобының қақтығыстарында 16 адам көз жұмды


ГАЗА: Бүгін таң сәріде Палестинадағы “Хамас” ұйымының қарулы тобы ФАТХ қозғалысының қауіпсіздік қызметі бастығының үйіне шабуыл жасап, 5 күзетші оққа ұшты. ФАТХ қозғалысының лидері әрі Палестина автономиясының президенті М.Аббастың кеңсесі минаатқыштан атқыланды. Өз кезегімен ФАТХ жасақтары ішкі істер министрлігінің кеңсесіне гранаттар тастады. Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері – “Хамас” тобының мүшелерінен тұрады. Газа аймағындағы осындай қақтығыстардың салдарынан соңғы 1 тәуліктің ішінде 16 адам құрбан болды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG