Accessibility links

Ирақтың 2 қаласындағы 2 қастандықтан 70-тей адам қаза тапты


БАҒДАД: Өткен тәулікте Ирақта 2 жарылыстан кемінде 70-ке жуық адам құрбан болды. Ниневи облысының Махмур қаласында жанпидашыл-террорист жергілікті әкімшіліктің жанында өзінің жүк автокөлігін жарып, одан 50 адам қаза тауып, 70 кісі жараланды. Әкімшілік ғимаратына күрдтердің саяси партиясы да орналасқан көрінеді. Ал Бағдадтағы осындай автобомбаның жарылысынан кемінде тағы 17 адам көз жұмды.
XS
SM
MD
LG