МӘСКЕУ: Бүгін АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы К.Райс 2 күндік сапармен Мәскеуге келеді. Оның барысында Райс ханым Ресей президенті В.Путинмен, сыртқы істер министрі С.Лавровпен және басқа да ресми тұлғалармен кездесуге тиіс. Соңғы кезде Кремль мен Ақ үйдің арасы күрт суып кетті. Ресей Американың зымырандық шабуылдан қорғайтын радар жүйесін Польша мен Чехияға орналастыру жобасына түбегейлі қарсы. Екінші проблема – Косово өлкесінің келешегі. БҰҰ-ының Косовоға халықаралық қоғамның қадағалауымен тәуелсіздік беру жоспарына да Мәскеу қарсы.