ТЕҺРАН: Бүгін Иранның рухани лидері аятолла Әли Хаменей Ирақтың қауіпсіздігі проблемалары бойынша АҚШ пен Иран арасында келіссөздің болуын қолдайтынын мәлімдеді. Бірақ, Хаменейдің мемлекеттік теледидар келтірген сөзіне қарағанда, ол бұл келіссөз “Ирақты басып алғандардың жауапкершілігі” жөнінде ғана болуға тиіс деген көрінеді. Ресми Вашингтон мен Иран бірнеше аптаның ішінде Бағдадта кездесіп, Ирақтың қауіпсіздігі проблемасын талқылайтындарын жариялады. Ирандағы 1979-ыншы жылғы “Ислам төңкерісінен” бері қарай мұндай кездесу сирек болды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық радиосына – 70 жыл
1992 жылғы 31 мамырдағы аза тұту күні неге Назарбаевсыз өтті?
AzattyqTV