РАМАЛЛА: Бүгін таң сәріде Палестинадағы “Хамас” ұйымының қарулы тобы ФАТХ қозғалысының қауіпсіздік қызметі бастығының үйіне шабуыл жасап, 5 күзетші оққа ұшты. Палестина автономиясының президенті М.Аббастың кеңсесі де минаатқыштан атқыланды. Өз кезегімен ФАТХ жасақтары ішкі істер министрлігінің кеңсесіне гранаттар тастады. Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері – “Хамас” тобының мүшелерінен тұрады. Газа аймағындағы осындай қақтығыстардың салдарынан бүгін кемінде 16 адам құрбан болды. Жанжал жалғасып келе жатқан 4 күннің ішінде кем дегенде 40 адам көз жұмды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Орталық Азия мафиясы
Равшан Золотой, Дикий Арман және өзбек қылмыс әлеміндегі дау
-
Шығыс Қазақстан облысы
"Оқушы жалдап, жүгеріні қолмен тердік". Зайсан шаруалары комбайнға зәру
AzattyqTV