Accessibility links

Ауғанстан-Пәкістан шекарасындағы жанжалдың шығуына кім кінәлі екені белгісіз


КАБУЛ: Бүгін Кабулдағы Пәкістан елшілігі алдына 100-деген ауғандық жиналып, жуырда ауған-пәкістан шекарасында болған қақтығысқа наразылық білдірді. Олардың көпшілігі шекара аумағынан келді. Ауған үкіметінің хабарлауынша, Ауғанстан мен Пәкстан әскерлерінің шекарадағы 2 күн жалғасқан қақтығысында 13 адам қаза болды. Ресми Кабул жанжал жексенбі күні Пәкістан әскері ауған территориясына бойлап кірген кезде басталды деп мәлімдейді. Ал Исламабад өзінің шекара күзетіне оқ жаудырып, жанжалға түрткі болды деп ауған армиясын айыптайды.
XS
SM
MD
LG