Accessibility links

Ауғанстан парламенті сыртқы істер министрінің отставкаға кетуін талап етуде


Кеше Ауғанстан парламенті төменгі палатасының спикері Мохаммед Юнус Қануни сыртқы істер министрі өз міндетін атқаруды тоқтатуы керек деп мәлімдеді. Өткен аптада заң шығарушылар сыртқы істер министрі Рангин Дадфар Спанта Иранның ауған босқындарын қайтаруына тосқауыл қоя алмады деп, оның орнынан алынуына дауыс берген болатын. Дегенмен де, Ауғанстан президенті Хамид Қарзай Жоғарғы сот шешім шығармайынша министрі өз қызметін атқара береді деп айтқан болатын.
XS
SM
MD
LG