Кеше Пол Вулфовиц Әлемдік банк президенті қызметінен босатындығын жариялады. Аталған банктің директорлар кеңесі тез арада банк жетекшілігінe кандидатура іздестіреміз деді. Ақ үй әлемдік банк басшысының орнынан кетуіне мәжбүрлеген оқиғаның орын алғанына өкініш білдіріп, банк төрағалығына лайықты кандидат қарауға күш-жігер жұмсайтындығын айтты. Халықаралық тексеру Пол Вулфовиц банкті басқару ережелерін бұзып, өзінің көңілдесіне жоғары жалақы тағайындап, басқа да жеңілдіктер жасаған деген қорытындыға келді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
"Тақ мұрагерлерінің" құпия өмірі
"Олар әкесін жақсы көреді". Путиннің ұлдары жайлы не белгілі?