Беларустың сыртқы істер министрі БҰҰ-ның Адам хұқтары кеңесіне жаңа мүшелерді сайлау үшін жақында өткен дауыс берулерді біржақты, әділетсіз өткізілді деп сынады. Министрліктің жариялаған мәлімдемесінде кейбір мемлекеттер БҰҰ-ын саяси есеп айрысу алаңына және басқа елдерге қысым жасау мінберіне айналдырды деп атап көрсетілген. БҰҰ-на жаңа мүшелікке Босния-Герцоговина өткен болатын. Ал дауыс берулерден бұрын Адам хұқтары ұйымдары Беларусты адам хұқтарын аяққа таптап отырған мемлекет деп сынаған еді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
"Жаңа Қазақстан" мәжілісі
"Бәз баяғы спикер, бұрынғыдан айырмашылығы аз парламент"
-
Мәскеудегі сапардан соң
Қытай мен Ресейдің достығы Орталық Азияға қалай әсер етеді?
AzattyqTV